USD: 469.9 / 473.9
  • EUR: 536.5 / 541.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Белгілі бүркітші Әбілхақ Тұрлыбаев өмірден өтті

Фото: Qazaq Times
Фото: Qazaq Times
Ол – қазақтың алғашқы халықаралық дәрежедегі құсбегілік сарапшысы.

Жетісулық танымал бүркітші, Халықаралық дәрежедегі құсбегілік төрешісі Әбілхақ Тұрлыбаев дүние салды. Қаралы хабарды қазақстандық суретші Есенғали Садырбаев таратты. 

Әбілхақ Тұрлыбаев – қазақтың ұлттық құсбегілік өнері ғылымының негізін қалаушылардың бірі, халықаралық дәрежедегі құсбегі әрі еліміздегі тұңғыш және жалғыз құсбегілік сарапшысы. Ол бұл атаққа Францияның Лион қаласында ие болған.

Есенғали Садырбаевтың жазуынша, соңғы жылдары Әбілхақ Тұрлыбаев Алматы хайуанаттар бағында еңбек етті. Оның қарауында әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген жыртқыш құстар болған және құсбегі олардың әрқайсымен ерекше тіл табыса білді. Табиғи дарыны мен жабайы құстар мен аңдардың тілін түсінудің тылсым сырының арқасында атақты құсбегі қоршаудағы жануарлар үшін бөгде жанға түсініксіз ерекше атмосфера қалыптастыратын.

"Хайуанаттар бағына келушілер оның құмаймен немесе дала қыранымен мейірлене сөйлесіп тұрғанын жиі көретін. Әбілхақ аға дәстүрлі саятшылыққа арналған көптеген картиналарымда бейнеленген. Сондай-ақ ол менің "Жыртқыш құстардың әміршісі" атты романымдағы басты кейіпкердің прототипіне айналды. Бұл шығармада мен оның тағылымға толы әрі драмалық өмір жолының бір бөлігін ғана аша алдым", – деп жазды суретші. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау