Балалар мен жүкті әйелдердің сапалы патронажын қамтамасыз ету мақсатында енді бүкіл отбасы тұрғылықты жері бойынша бір емханада қызмет ала алады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
![](/storage/photos/84/6647181c2d422.jpeg)
"Студенттердің өздері оқу орнын көрсете отырып, емхананы таңдай алады немесе мұны ата-аналары арқылы жасай алады. Бұл жаңалық барлық отбасы мүшелеріне медициналық көмекке қол жетімділік пен ыңғайлылықты жақсартады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ медициналық көмекке, оның ішінде МӘМС жүйесіне қатысатын жеке медициналық ұйымдарға тең қол жеткізу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы қызмет көрсету аумақтарын бөлетін болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді