"Еліміз ең бірінші кезекте білімге көп көңіл бөлу керек", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында балалардың ораза ұстауына қатысты даулы мәселеге пікір айтты.
"Шариғат бойынша балиғат жасына толған, дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балаларға келсек, егер балиғат жасқа толмаса, міндетті емес. Ораза ұстау, намаз оқу – біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес. Мен өзім он жасымнан бастап ауыз бекіткенмін. Ол кезде тіпті ата-анамыз ұстамайтын. Алғашында үш күннен бастап, кейін толықтырып ұстап үйрендік. Яғни, балиғат жасына толмастан ұстадық. Егер бір бала балиғатқа толмай ұстаймын десе, денсаулығына зиян келмесе, басқа да қиыншылықтар тудырмаса, оны жазалау да дұрыс емес. Бізге "мектепте ұйықтап жатты" деп хабарласқан адамдар болды. Әрине, бала әлсіресе, сабағы дұрыс болмаса, өзі балиғат жасына толмаса, әрине, олай (ораза ұстатып – авт.) баланың денсаулығына зиян тигізу дұрыс емес. Ал балағат жасына толған адамға ораза ұстау қиындық тудырмайды", – деді Наурызбай Тағанұлы.
Оқи отырыңыз: 2023 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
Бас мүфтидің айтуынша, ҚМДБ дінге қатысты мәселелерде Оқу-ағарту министрлігімен ақылдасып жұмыс істейді.
"Ең бірінші, еліміз білімге көп көңіл бөлу керек. Жастарымызды білімге баулып, қолдау қажет. Білімді болсақ, руханият та, экономика да өседі. Құранның алғашқы сүресі де "оқы" деп түскен", – деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы.
Оқи отырыңыз:
- 2023 жылғы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді
- Рамазан айындағы підия мөлшері 2023 жылға 3 мың теңге болып бекітілді
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☪️ Қыздар арасында Құранды жатқа оқудан республикалық турнир өтеді. Жүлде қоры – 8,3 млн теңге
-
237
-
0
-
5
-
-
2🎓 "Болашақ" бағдарламасымен білім алуға болатын университеттер тізіміне 25 ЖОО қосылады
-
226
-
0
-
4
-
-
3💵💰 Қазақстандықтардың депозит көлемі 232 млрд теңгеге өсті
-
228
-
0
-
3
-
-
4✍️ Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды
-
316
-
0
-
5
-
-
5🏢 Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді
-
246
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Үкімет қаулысы: Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні мерекеленеді
-
254
-
0
-
1
-
-
7🥖🍎 Азық-түлік тауарлары 1,4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға – Ұлытау облысында
-
255
-
0
-
4
-
-
8🚌 Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты
-
249
-
0
-
4
-
-
9💰1 млн 682,2 мың: Елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өскен
-
258
-
0
-
2
-
-
10💸 Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілмек
-
271
-
0
-
4
-