Тікелей эфир

Астанадағы "НұрОрда" халықаралық мектебінің атауы өзгереді

Мекеме енді Spectrum International School ЖШС деп аталады.

Қазақстандағы халықаралық мәртебе ие мектептердің бірі – "НұрОрда" халықаралық мектебінің атауы өзгеріп, ол Spectrum International School ЖШС атанады. Бұл ретте оның халықаралық мәртебесі өзгермейді. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулер жобасынан белгілі болды. 

"Ұйымның атауын өзгертуге байланысты түзетулер "Spectrum International School" ЖШС халықаралық мектебінің өтінімі, сондай-ақ халықаралық мектеп мәртебесін алуға өтінімді қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы негізінде енгізіледі", - делінген құжаттың түсіндірме жазбасында. 

"НұрОрда" халықаралық мектебі 2007 жылы ашылса, 2014 жылы үкімет қаулысымен халықаралық мектеп мәртебесіне ие болған. 


Оқи отырыңыз: Мектептегі білім мазмұны президенттің "Адал азамат" тұжырымдамасымен байытылады


 

Серіктестер жаңалықтары