Тікелей эфир

Астанада полицейлер 35 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізушіні ұстады

Полицейлер тоқтатқан Hyundai Sonata жүргізушісінің 15 млн теңге берешегі болған.

29 ақпанға дейін "Борышкер" және "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Полицейлер жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жүргізушілерді анықтайды.

"Мәселен, полицейлер Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісінің 15 млн теңге берешегі бар. Екіншісі, 35 млн теңгеден астам сомада берешегі бар Volkswagen Passat автокөлігінің иесі. BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік бұзушылықтар бойынша берешегі шамамен 2 млн теңгені құрады.


Оқи отырыңыз: Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары