Тікелей эфир

Астанада құрылысы ұзақ жылға созылған мектеп көктемде пайдалануға беріледі

Апатты жағдайдағы мектеп ғимараты 2021 жылы демонтаждала бастады.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Кирпичный" тұрғын алабындағы жалғыз мектеп құрылысының аяқталғаны туралы айтты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

"Бірқатар нысанның, соның ішінде «Кирпичный» тұрғын алабындағы мектептердің құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын алабында 1966 жылы салынған жалғыз мектеп (Қамысты көшесі, 7, Байқоңыр ауданы) болды. Оқу орны апатты деп танылғандықтан, ол 2021 жылы демонтаждау жұмыстары басталды", – деп жазды Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында.


Оқи отырыңыз: 2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді


Жаңа мектеп құрылысының қарқыны баяу болып, тіпті бір кездері тоқтап қалды.

"Осы жылдар ішінде оқушылар басқа мектепке баруға мәжбүр боп жүр. «Кирпичный» тұрғын алабында салынып жатқан мектеп құрылысы қайта басталды. Барлық мәселелер шешілді. Осы мектептің құрылысын биылғы көктемде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, «Кирпичный» тұрғын алабының өзінің жайлы мектебі болады", – деп жазды әкім.

Серіктестер жаңалықтары