Тікелей эфир

2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді

Биыл – "Жайлы мектеп" жобасының ең басты кезеңі.

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында биыл Қазақстанда 208 мектеп салынып бітіп, пайдалануға берілуі тиіс. Жобаның операторы Samruk-Kazyna Construction мәліметінше, 2023-2025 жылдар жобаның ең негізгі кезеңі саналады. Бұл кезеңде: 

  • 2024 жылы 208 мектеп;
  • 2025 жылы 151 мектеп пайдалануға берілмек. 

Сәйкесінше, 2023-2025 жылдары республика бойынша жаңа форматтағы 369 заманауи мектеп салынып, 740 мыңға жуық оқушы орны ашылады.

Бұдан бөлек, 10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы салынады.

2023-2025 жылдары республика бойынша: 

  • Түркістан облысы – 63 мектеп
  • Алматы облысы – 53 мектеп
  • Астана қаласы – 24 мектеп
  • Алматы қаласы – 22 мектеп
  • Қызылорда облысы – 21 мектеп
  • Маңғыстау облысы – 21 мектеп
  • Ақмола облысы – 18 мектеп
  • Ақтөбе облысы – 18 мектеп
  • Қарағанды облысы – 18 мектеп
  • Шымкент қаласы – 18 мектеп
  • БҚО – 18 мектеп
  • Атырау облысы – 12 мектеп
  • Жамбыл облысы – 12 мектеп
  • Абай облысы – 11мектеп
  • ШҚО – 10 мектеп ашылады. 
Серіктестер жаңалықтары