Тікелей эфир

Астанада екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары онлайнға жіберілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сыныптар онлайн форматта оқиды.

Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

"2024 жылғы 10 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – деп жазылған Білім басқармасының хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы оқушылар мен студенттер қалай оқиды? Білім берудегі өзгерістерге шолу


 

Серіктестер жаңалықтары