Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустары қатынайды.

Астанада 5-6 қыркүйек күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті тиімді бағамен сатып ала алады.

"Сауда сөрелерінен көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да азық-түлік түрлерін табуға болады. Өнімдерді жергілікті фермерлер мен өндірушілер тікелей ұсынады", – делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 5-6 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығының аумағында өтеді.

Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустары қатынайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау