USD: 488.3 / 490.9
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеу жұмыстарына жабылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Республика даңғылы мен Уәлиханов көшесі арасындағы жол жөнделеді.

Астанада 16-24 маусым аралығында А. Бараев көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, А. Бараев көшесі бойында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 16-24 маусым аралығында Республика даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесі аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Әкімдіктің хабарлауынша, жөндеу кезеңінде қозғалыс толық тоқтатылмайды. Көліктер екі бағыт бойынша жолдың бір жағымен қатынайтын болады. Қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы сызбасындағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, бағыттарын жоспарлауға кеңес берді.

Фото: Астана әкімдігі

 

"Сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен арнайы көрсеткіштер орнатылады", – делінген хабарламада.

Әкімдік тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалысты ұйымдастыруға қатысты талаптарды сақтауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз