USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған астаналық 8 жылға сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Екі айда 13 адамға жаза тағайындалды.

Қазақстанда биыл сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сотталғандардың бірі – Астана қаласының тұрғыны. Ол әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттап, айналасындағы адамдарды террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ Шымкент қаласының тумасы терроризм идеяларын таратып, Қазақстан аумағында теократиялық мемлекет құруға шақырғаны үшін 7 жылға сотталды.

ҰҚК дерегіне сәйкес, осы кезеңде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында терроризм мен экстремизмге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталған. Олардың арасында екі шетел азаматы және шетелден экстрадицияланған үш қазақстандық бар.

"Олар интернет желісінде және өз ортасында экстремистік материалдарды таратып, террористік белсенділік аймақтарына шығуға, сондай-ақ өздерінің көзқарастарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жасауға шақырды деген күдікке ілінді", – деп мәлімдеді ҰҚК.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті баптары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз