Тікелей эфир

Астанада Абылай хан даңғылындағы жол қозғалысы ережесі өзгерді

Көліктер түнде және демалыс күндері Bus Lane жолағымен жүре алады.

22 сәуірден бастап Астанада Абылай хан даңғылы бойындағы Пушкин көшесінен Манасқа дейін қоғамдық көліктер жолағымен автокөліктердің жүруіне арнайы уақыт белгіленді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Автокөліктерге тек сенбі, жексенбі және мереке күндері Bus Lane-де жүруге рұқсат етіледі. Ал жұмыс күндері сағат 6.30-дан 20.00-ге дейін қоғамдық көліктерден басқа барлық көліктерге арнайы жолақпен жүруге тыйым салынады.

"Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасай отырып, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникаларының еш кедергісіз жетіп, жылдам қызмет көрсетуі үшін енгізіліп отыр", – деп түсіндірді елорданың көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Жаңа ереже автобустардың белсенді жұмыс істейтін уақытында және демалыс күндері сынақ режимінде енгізілді. 


Оқи отырыңыз: Алматы көлік жүргізушілеріне Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары