Рұқсат тек Райымбек даңғылының Саин мен Яссауи көшелері арасындағы бөлігіне қатысты.
Алматыдағы Райымбек даңғылының Саин мен Яссауи көшелері аралығындағы бөлігімен жүргізушілер енді жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері уақыт шектеуінсіз жол жүре алады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Көлік қозғалысына бұл жаңалықты енгізу арқылы демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесі шешілмек. Тестілік режимде енгізіліп, 2023 жылдың соңына дейін жалғасады. Одан кейін салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі болып саналады. 2022 жылы наурызда қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
383
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
253
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
221
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
159
-
0
-
4
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
116
-
0
-
0
-