Тікелей эфир

Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды

Astana Musical ұжымы аталған байқауға алғаш рет қатысты. 

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" ұйымына қарасты "Astana Musical" мемлекеттік театры сахналаған "Роза Бағланова" қойылымы Daegu International Musical Festival фестивалінде "Үздік халықаралық мюзикл" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі. 

Ал қойылымда Роза Бағланованың рөлін сомдаған актриса Зарина Макина үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болды. Ол Англия, Германия және Франциядағы әріптестерінен басым түсті.

Байқау – жыл сайын Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен театрлар мен шығармашылық ұжымдарды жинайтын беделді халықаралық мюзикл фестивалі. Биыл ол 17-ші рет өтті. Astana Musical ұжымы оған алғаш рет қатысты. 

Серіктестер жаңалықтары