Тікелей эфир

Астана, Алматы және Шымкент театрларының маусымдағы репертуары қандай?

Фото: Қаллеки театрының баспасөз қызметі
Фото: Қаллеки театрының баспасөз қызметі
Астана әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры маусымның 5-10 күндері Түркістанда өнер көрсетеді.

Шілдеден бастап бірнеше театр демалысқа кетеді. Маусым айының соңында Әуезов театры 97-ші, Қаллеки театры 32-ші, Жастар театры 14-ші маусымның шымылдығын жабуып, көрермендермен күзде қайта қауышады. 

Информбюро порталы Астана, Алматы және Шымкенттегі қазақ театрларының мамыр айындағы репертуарын ұсынады.

Әуезов театры

Биыл 97-ші театр маусымында қара шаңырақ аталып кеткен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры өз сахнасында бірнеше жылдан бері қойылып келе жатқан спектакльдер мен "Күйеуіңізді сатыңызшы" премьерсын ұсынады. Спектакльдердің басталу уақыты: 18:30. 

1, 13  маусым күндері М.Задорновтың "К.йеуіңізді сатыңызш" комедиясының премьерасы өтеді. Режиссері – Қуаныш Мамытқалиев. 

Күйеуін асыға күтіп отырған Елена мерекелік кешкі ас әзірлеп жатыр: бүгін ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергеніне жиырма жыл. Бірақ, кенет келген жас қыз одан күйеуін  20 миллион... сатып алғысы келетінін айтады. Ең қызығы – күйеуі қарсы емес. Біреу сізге күйеуіңізді сатып алуға ұсыныс жасаса не істер едіңіз?

Билеттер 500 теңгеден басталады. Ең қымбат билет – 2 мың теңге. Билеттер auezov-theatre.kz сайтында, tiсketon.kz сайтында және театр кассасында сатылады. Касса: 378 53 85; +7 775 320 85 24.

  • Театрдың көркемдік жетешісі – Асанәлі Әшімов. Театр директоры – Еркін Жуасбек;
  • Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook;
  • Театр мекенжайы: Алматы, Абай даңғылы, 103.

Оқи отырыңыз: "Сан апаттың бастауы – тексіздік". Әуезов театрындағы "Кассандра таңбасы" қойылымының айтар ойы қандай?


Мүсірепов театры

Алматыдағы Мүсірепов театрының репертуарынан ойып орын алған, көрермен асыға күтетін қойылым көп. Солардың бірі "Қызыл орамалды шынарым", "Махаббат, қызық мол жылдар", "Болмаған балалық шақ" драмалары үнемі аншлаг болып жатады. Маусым айында театр төрт күн бойы француз жазушысы Антуана де Сент-Экзюперидің атақты "Кішкентай ханзада" шығармасын сахналайды. 

Сондай-ақ, бүкіл әлемдегі соғыс атаулыға көркем наразылықты сахналайтын "Оптимистік трагедия" және "Бернарда Альбаның үйі" атты драмаларының премьерасы өтеді.

Касса демалыссыз сағат 10.00-19.00 дейін жұмыс істейді. Телефоны: 271 42 37, 273 22 48. Онлайн билеттер: ticketon.kz сайтында сатылады. Билеттер 600 теңгеден басталады. Ең қымбат билет – 2 мың теңге.

  • Театрдың көркемдік жетешісі – Фархад Молдағали, театр директоры – Талғат Есеналиев.
  • Теардың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook.
  • Театр мекенжайы: Алматы, Абылай хан даңғылы, 38.

Қаллеки театры маусым айында бірнеше жылдан бері сахналап келе жатқан спектакльдері мен "Жошы хан" премьерасын ұсынады. 

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай "Бразилия байлығы" ертегісінің арнайы көрсетілімі өтеді.

11 маусым күні Қаллеки театрының Халық аспаптар ансамблі мен театр артистерінің қатысуымен Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған "Құрманғазы" концерті өтеді.

23-24 маусым күндері "Жошы хан" тарихи драмасының премьерасы ұсынылады. Авторы – Думан Рамазан. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов. Композитор – Еділ Құсайынов. Хореограф – Салтанат Сұңғат. 

25 маусым күні 27-ші театр маусымы дәстүр бойынша "Абай" қойылымымен жабылады. 

  • Театрдың көркемдік жетекшісі – Қуандық Қыстықбай. Театр директоры – Айболат Жаудыр;
  • Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook;
  • Театр мекенжайы: Астана, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1.

Астана әкімдігінің "Жастар театры" – жас болса да сан қырлы өнерімен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орны бар театр. Маусым айында "Жастар" театры "Көзіме бір көрінсең бала ғашық","Жанарымдағы жалғыз әуен" және "Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым" секілді реперутардан түспейтін спектакльдердің саханалайды.

Билеттер ticketon.kz сайтында 700-2000 теңге аралығында сатылады. Касса: 8 7172 39 26 48. 

  • Театрдың көркемдік жетекшісі – Нұртас Жақыпбай. Театр директоры – Досымжан Таңатаров;
  • Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook;
  • Театр мекенжайы: Ілияс Есенберлин көшесі, 10. 

Музыкалық жас көрермен театры

2020 жылы желтоқсанда шымылдығы түрілген Музыкалық жас көрермен театры бар-жоғы екі жылда 16 спектакльді сахналап үлгерді. Ақпан айында театр қоржынына Дулат Исабековтің "Гауһартас" шығармасы желісінде қойылған музыкалық драмасы қосылды. Бұл қойылым көрермен көңілінен шыққаны соншалық, наурыз айында алты рет, сәуір айында жеті рет, мамырда тоғыз рет сахналанды. Төрт айдың ішінде 50 рет қойылды. Әлеуметтік желіде тренд болған "Құдаша" әнінен кейін театрға іздеп келетіндер қарасы көбейді. Театр репертуарынан көбірек орын берілсе де, "Гауһартас" билеттері әп сәтте сатылып кетеді.


Оқи отырыңыз: Астанадағы Музыкалық жас көрермен театры "Гауһартасты" 9 рет сахналайды


Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры маусымның 5-10 күндері гастрольдік сапармен Түркістан қаласына барады. Спектакльдер Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы 4 мекенжайында орналасқан Түркістан музыкалық драма театры ғимаратында өтеді. Билеттер мына сілтемеде.

Спектакльдер сағат 11.00-де, 15.00-де және 19.00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында 900-2000 теңге аралығында сатылады. Телефон: + 7 778 302 97 37, +7 778 302 97 44.

  • Театр директоры – Асхат Маемиров;
  • Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook;
  • Театр мекенжайы: Ж.Омаров көшесі, 47Б.

Шанин театры

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық акедемиялық қазақ драма театры маусым айында "Тіл табысқандар", "Махаббат формуласы", "Танакөз" сынды спектакльдерді сахналайды. Жазғы демалысқа байланысты маусым айында қойылымдар сенбі және жексенбі күндері 17.00-де, дүйсенбі-жұма аралығында 19.00-де басталады. 

Билеттер 700 теңгеден басталады. Билеттер Шанин театрының сайтында, tiсketon.kz-те жәнее театр кассасында сатылады.

  • Театрдың көркемдік жетекшісі – Бекболат Құрманғожаев, директоры – Қайрат Қарғабаев;
  • Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook;
  • Театр мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев, 6.
Серіктестер жаңалықтары