Тікелей эфир

Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстарында карантинді күшейтуді тапсырды

Бұл өңірлерде республикадағы сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ы тіркеліп отыр.

Премьер-министр Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдатуды тапсырды.


Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында вакцина паспортын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды


Аталған өңірлерде:

  • Ashyq-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады.
  • Демалыс күндері Аshyq-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, СОСО-ның, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының), қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың (тамақ жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, моншалардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, цирктердің, алаңы 1000 м² асатын азық-түлік емес тауарларды сататын объектілердің, ашық және жабық базарлардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, түнгі клубтардың, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады.
  • Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аттракциондар), СОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ашық және жабық базарлардың қызметі шектелген.
  • Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін (Ashyq қатысушылары – сағат 20:00-ге дейін) қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтарының, спорт объектілерінің, бассейндердің, кинотеатрлардың қызметі шектеледі.
  • Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын жұмылдыру, оның ішінде резервтік төсек-орындарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныш құралдарын, медициналық жабдықтар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару керек.

Премьер-министр өңір басшыларына, әсіресе Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары