Оқу-ағарту министрі әртүрлі жекеменшік ұйымдар өткізетін ақылы сайыстарға тыйым салуды тапсырды.
Жекеменшік ұйымдар беретін әртүрлі атақтың ұстаздарға қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл мәселені мектеп директорлары, білім бөлімдері мен бақылау департаментінің өкілдері қолға алуы тиіс, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
"Қазір оқу жылының басталуына байланысты оқушылар мен ұстаздар арасында ақылы сайыстар өткізуге қатысты сигналдар келіп түсіп жатыр. Оның алдында бұл үрдіс біраз уақытқа тоқтап қалған еді. Мектеп қабырғасында әртүрлі жекеменшік ұйымның ақылы ойынын, сайыстарын өткізу бойынша біздің тапсырмамызды білесіздер. Екіншіден, түрлі ұйым ұстаздарға әртүрлі марапат, медаль, атақ беріп жатыр. Біздің әріптестерге ондай атаққұмарлықтың қажеті жоқ деп ойлаймын", – деді Асхат Аймағамбетов.
Десе де, министр ұстаздардың қоғамда белгілі, республикалық деңгейдегі марапаттарды алуына еш қарсылығы жоқ екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды
"Қоғамда ресми марапаттар бар. Ал "Құрметті азамат немесе мұғалім" деген секілді марапаттардың ешқандай қажеттілігі жоқ деп санаймын. Мектеп директорлары, білім бөлімдері мен бақылау департаменттерінің өкілдері осы бағытта жұмыстар ұйымдастырып, мәселені әрдайым назарында ұстауы тиіс", – деп тапсырды министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
328
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
299
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
286
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
272
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
270
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
260
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
248
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
251
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
250
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
241
-
0
-
2
-