USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Қызылордада саябақ операторын аяғынан айырған оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Оқыс оқиға салдарынан аяғы кесілген жас жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Қызылордадағы "Арай" саябағының басшылығы 18 жастағы жас жігітке қатысты оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

"Сыр самалы" ЖШС директорының орынбасары Ғани Тұрсекеевтің сөзінше, зардап шеккен жігіт осы саябақта аттракцион операторы болып жұмыс істеген.

"Біздің қызметкер, яғни оператор жігіт аттракцион қоршауының ішіне кіріп кеткен. Оның ол жаққа не себепті барғанын тексеруші органдар анықтап жатыр, бізге әлі белгісіз. Негізі қауіпсіздік ережесі бойынша, аттракцион қосулы тұрғанда ішке кіруге мүлдем болмайды", – деді директордың орынбасары.

Алдын ала болжам бойынша және куәгерлердің айтуынша, қызметкер жылап тұрған баланы жұбатпақ болып "Америкалық төбешіктер" аттракционына жақындаған. Дәл осы сәтте зымырап өткен кабина жігіттің аяғын іліп әкеткен.


Оқи отырыңыз: Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты 


Осы оқиғадан кейін саябақтағы аттракциондар алаңы жұмысын тоқтатты.

Зардап шеккен жігіт медициналық колледжде оқиды. Ол саябаққа жазғы демалыс кезінде нәпақа табу үшін уақытша жұмысқа тұрған.

Дәрігерлер жігіттің екі аяғын да кесуге мәжбүр болған. Науқастың халі әлі де мүшкіл, дәрігерлердің бақылауында.

Қазіргі уақытта полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу және абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз