Тікелей эфир

Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

Ол жалған дүниеден 73 жасында қайтты.

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды. 

Несіпбек Айтұлы – 1950 жылы  Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері. Таңдамалы жеті томдығы "Фолиант" баспасынан жарық көрген эпик ақын.

Ақын Несіпбек Айтұлы

Сөз зергері Несіпбек Айтұлы кең тынысты эпикалық поэмалары мен лирикалық өлеңдері арқылы Қазақстанның тәуелсіздігінің  жыршысына әрі жаршысына  айналған төкпе  ақын. 

Несіпбек Айтұлы "Сардар", "Ту", "Наурызбай", "Жалаңтөс", "Шақантай", "Бердіқожа", "Төлегетай" секілді поэмаларында азаттық үшін жанын пида еткен біртуар ерлердің  галереясын сомдаса, Ұлы даланың қасиетті топырағы үшін күрескен Кенесары бастаған ерлер туралы "Ақмола шайқасы" поэмасы, осы тақырыпқа сабақтас туған  "Жер – жаннан қымбат" дастанында елорданың терең тарихынан сыр шертіледі.

Несіпбек Айтұлы бабалардың арманы жүзеге асып, тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықтан мәртебелі орын алып, жаңа елорда Астананың бой түзеп сәулеті артқанын "Бәйтерек" поэмасы арқылы қапысыз мүсіндейді. Ақынның суреттеуінде "Бәйтерек" – елорданың ғана емес, күллі Қазақ елінің  арман-мұратын әйгілеген рәміз, тәуелсіздігіміздің асқақ миуалы мұнарасы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары