Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырап, құлаған Әзербайжан ұшағында Қазақстан азаматтары да болды, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақта Әзербайжанның 37, Қазақстанның 6, Қырғызстанның 3 және Ресейдің 16 азаматы болған.
Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады.
"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Ақтау маңында ұшақ құлады: бірнеше жолаушы тірі қалды
- Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтау маңында құлады