Тікелей эфир

Ақтау маңында ұшақ құлады: бірнеше жолаушы тірі қалды

Олардың жағдайы аса ауыр.

Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағының 16 жолаушысы аман қалған, дегенмен, олардың жағдайы аса ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, алты адам тірі. Қазір санитарлық авиация борттары оқиға орнына мамандарды, травматолог, нейрохирург және өзге сала дәрігерлерін жіберді. Оларға сол жерде көмек көрсетіп ал қажет жағдайда басқа қалаларға жеткіземіз. Жұмыс жүріп жатыр", – деп мәлімдеді Ақмарал Әлназарова. 

Ал Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, ұшақта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 

Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. 

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және  11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда  әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", – делінген ТЖМ хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтау маңында құлады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары