Тікелей эфир

Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтау маңында құлады

Алдын ала ақпарат бойынша ұшақта 105 адам болған.

Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. 

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және  11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда  әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Әзербайжан авиакомпаниясының бортында 25 желтоқсан, сәрсенбі күні таңертең төтенше жағдай туралы сигнал берілді. Әуе кемесі сол кезде Каспий теңізінің үстінде болған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары