Биыл Қазақстанда 90 мыңға жуық көпбалалы ананың жәрдемақысы артты.
2023 жылдан бастап Әлеуметтік кодекс аясында "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері 7,4 АЕК мөлшеріне дейін артты. Осылайша, елдегі 90 мыңға жуық көпбалалы ананың жәрдемақысы көбейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.
Осыған дейін марапатталған аналарға ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленіп келді. 2022 жылдың 1 сәуірінен бері 20 352 теңге алып келді (2022 жылғы 1 сәуірден кейінгі АЕК мөлшері – 3180 теңге). Биылдан бастап жәрдемақы мөлшері бір айлық есептік көрсеткішке өсіп, 7,4 АЕК құрады. Бүгінде оның сомасы 25 530 теңгеге тең (2023 жылғы АЕК мөлшері – 3450 теңге).
Оқи отырыңыз: 2023 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңге болады?
Әлеуметтік кодекске сәйкес, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. Төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады. Бұл құқықты жұмыс істейтін және жұмыссыз 1,5 миллион ата-ана пайдалана алады.
Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтама монетизацияланады. Яғни, әр ата-ана азық-түлікті баланың қажетіне қарай өзі сатып алады. Бұл шара 200 мың баланы қамтиды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
391
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
370
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
370
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
356
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
360
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
363
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
351
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
329
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
297
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
282
-
0
-
1
-