Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонансты жол апаты бойынша полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Тергеу нұсқасы бойынша, оның әрекетсіздігі қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін еді. Қылмыстық істің материалдары толығырақ білу үшін тараптарға берілді.
Жол-көлік оқиғасы 21 наурызға қараған түні болған. Белгілі болғандай, Zeekr жүргізушісі жарыс ұйымдастырамын деп қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оның жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы жолаушы екі қыз қаза болды.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол апатына қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні өтетіні хабарланған еді.