Алматыда нөсер жауыннан кейін жол опырылып, 13 көлік зақымданды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде инженерлік желілерді жүргізу кезінде топырақ босап қалған. Қатты жауын салдарынан жол жабындысы шөгіп, бірнеше көлік опырылған аумаққа түсіп қалған.
"16 қыркүйек күні болған оқиғадан кейін көше уақытша жабылды. Қазіргі уақытта көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және балласт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, зақымданған көлік иелерінің шығынын мердігер компания толық өтейді.
USD:
489.9 / 492.7
EUR:
561.0 / 566.0
RUB:
6.11 / 6.23
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…