Алматыда жатақхана салған кәсіпкерлер әр орын үшін мемлекеттен 144 АЕК алады

Бүгінде республика бойынша 84 129 студентке орын жетіспейді.

Жатақхананы өз қаражатына салған жоба қатысушысы 8 жыл бойы әрбір төсек орын үшін мемлекеттен төлемақы алады. Бір студентке шаққандағы мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері келесі көрсеткіштерден тұрады: құрылыс – 122 АЕК, Алматы қаласы бойынша – 144 АЕК, қайта құру – 47 АЕК, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы бойынша – 92 АЕК, деп мәлімдеді "Қаржы Орталығы" АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Айнұр Сағындықова.

"Бүгінде республика бойынша 84 129 студентке орын жетіспейді. Оның 40 417-сі Алматы қаласында. Жоба шеңберінде 2019 жылы 9 166 орынды 10 жатақхана, 2020 жылы 20 266 орындық 75 жатақхана және 2021 жылы 30 630 орынды 124 жатақхана салынған. Алматыда 2018-2021 жылдар аралығында 3970 төсек-орынды 19 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Биыл мегаполис 1 696 орындық үш студенттік жатақхананы пайдалануға беруді жоспарлап отыр", – деді Айнұр Сағындықова. 

Мұнымен қатар, "Қаржы орталығы" АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар бөлімінің сарапшысы Диас Жамбылов кәсіпкерлерге жатақхана ғимараттарын салу ғана емес, қайта жөндеу жұмыстары да ұсынылып жатқанын айтты.


Оқи отырыңыз: Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы бір жылда 48% өсті


"Кәсіпкер құрылыс салуға ниет білдірсе, онда ол "Қаржы орталығына" жер телімінің құжатын тапсыруы керек. Студенттік жатақхана үшін қайта құруды қажет ететін ғимараты болса, құжатын тапсырып, онымен алдын ала келісімшарт жасалады. Бұдан кейін нысанды 24 ай ішінде пайдалануға береді. Ал егер қаржы қоры жеткіліксіз болса, онда жеңілдетілген несие алу үшін "Даму" қорына жүгінуге болады", – деді Диас Жамбылов. 

Сондай-ақ, ол жатақхананы 20 жыл бойы басқа мақсатта пайдалануға болмайтынын ескертті. Бірақ кейін нысанды кепілге, сатуға немесе жалға беруге болады.

"Инвесторлармен талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін қайта қараудың келесі нұсқасы ұсынылды: төлем мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту, сонымен бірге төлемдер көлемін 20 пайызға арттыру. Егер бүгінде Алматы қаласында 8 жылға төлем нормасы 144 АЕК болса, 6 жылға әр жыл ішінде 230 АЕК ұсынылады", – деді Диас Джамбулов.

Қаржы орталығының өкілі студенттік жатақхана салуға шешім қабылдаған инвесторлардың бірқатар артықшылығы барын, олар қосымша табыс көздеріне ие болатынын еске салды. Мысалы, студенттердің ай сайынғы тұру ақысы мемлекеттік тапсырыс құнына кірмейді. Оның көлемін жатақхана иесі реттейді және белгілі бір аймақтағы тұрғын үй нарығының жағдайларымен анықталады. Бұдан өзге, ол негізгі тұтынушылары тұрғындар (асхана, шаштараз, спорт залы және т.б.) болатын жеке қызметтерді көрсету үшін коммерциялық кеңістік құра алады.


Оқи отырыңыз: Медицина, өнер, ауыл шаруашылығы. Маңғыстау облысында талапкерлерге қосымша 175 грант бөлінді


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары