Тікелей эфир

Алматыда халықаралық анимация фестивалі өтеді

Фестивальдің конкурс бағдарламасына 80 мультфильм іріктеуден өтті.

26 ​​шілде мен 28 шілде аралығында Алматыда екінші рет халықаралық Almaty animation festival өтеді.
 
Бұл бірегей фестиваль көрермендерді әлемдік анимация индустриясының заманауи трендтерімен таныстырады және анимациялық өнердің алуан түрлі екенін тамашалауға мүмкіндік береді.
 
Биыл фестивальге 52 елден 250-ден астам жоба келіп түсіп, конкурс бағдарламасына 80 мультфильм іріктеуден өтті. Сондай-ақ бұл жолы фестивальде деректі фильмдер, эксперимент мультфильмдер және музыкаға арналған бейнелер бойынша бөлек байқаулар өтеді.
 
Фестивальде Жапония, Германия, АҚШ, Нидерланды, Корея, Канада және басқа елдердің үздік анимациялық жобалары көрсетіледі. Қазақстаннан байқау бағдарламасына Ninety One бойзбенді үшін түсірілген анимациялық клип пен үш студенттік фильм өтті.
 
"Almaty Animation Festival-2024" байқау бағдарламасы түрлі номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

  • Үздік халықаралық анимациялық фильм;
  • Студенттер арасындағы үздік анимациялық фильм;
  • Орталық Азияның үздік анимациялық фильмі;
  • Үздік эксперимент анимация;
  • Музыкаға арналған үздік анимациялық видеоклип;
  • Үздік анимациялық деректі фильм.

Әрбір байқауды тәуелсіз және білікті қазылар алқасы бағалайды. Алдағы уақытта қазылар алқасының құрамы мен қатысушылардың тізімі brod.kz сайтында және Instagram желісіндегі almaty.animation.fest парақшасында жарияланады.

Сонымен қатар, фестиваль өзін дамытамын деушілерге де қызық болмақ: қатысушыларды “Ara Studios” және “Taskyn” студияларынан шеберлік сабақтары және басқа да қызық шығармашылық кездесулер, пікірталастар мен танымал режиссерлердің қызықты лекциялары күтеді.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.

Бұған дейін анимациялық байқау Baiqonur халықаралық кинофестивалі аясында өткізіліп, қатысушылар санының артуына және көрермендердің кеңеюіне байланысты жоба авторлары 2023 жылдан бастап оны жеке фестиваль етуді ұйғарды. Содан бері Almaty animation festival сәтті жүзеге асырылып келеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары