USD: 466.3 / 468.9
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.37 / 5.49
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматыда LRT құрылысы қарқын алды. Дайындық жұмыстары қай көшелерде жүріп жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
LRT 2027 жылдың соңында іске қосылуы мүмкін.

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің алғашқы кезеңінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір негізгі жұмыстар Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізіліп жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба аясында 375 инженерлік коммуникацияны қайта орналастыру жоспарланған. Олардың қатарында:

  • жылу желілері;
  • байланыс желілері;
  • сумен жабдықтау және кәріз;
  • нөсер кәрізі;
  • газ және электр желілері бар.

Қазіргі уақытта:

  • Б. Момышұлы көшесінде қайта орналастырылатын 39 желінің 4-еуі аяқталды;
  • Төле би көшесінде жоспарланған 269 желінің 34-і жаңартылды;
  • Абылай хан даңғылы бойында тағы 67 инженерлік желіні көшіру көзделген.

"Сонымен қатар ескі трамвай рельстері алынып, жолдың ортаңғы бөлігінде қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс кезінде көлік қозғалысын мүмкіндігінше сақтау көзделген. Инженерлік желілерді ауыстыру барысында қажет болған жағдайда қозғалыс уақытша қарсы бағыттағы бір жолақ арқылы ұйымдастырылады. Мұндай шектеулер, әдетте, 1–2 күннен аспайды", – делінген хабарламада.

Инженерлік желілер толық көшірілгеннен кейін LRT желісінің негізгі құрылымдары орнатылады, шпалдар мен рельстер төселеді. Сонымен қатар басқа құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. 

"Жоба бойынша LRT желісінің алғашқы кезеңі Алатау ауданындағы деподан басталып, Б. Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы арқылы "Алматы-2" теміржол вокзалына, одан әрі "Райымбек батыр" көлік-ауысу торабына дейін созылады. Алғашқы желі толықтай жерүсті бағытында салынады. Эстакада қарастырылмаған, оның орнына қолданыстағы көпірлер күшейтіледі. LRT іске қосылғаннан кейін Б. Момышұлы мен Төле би көшелеріндегі жолдың ортаңғы екі жолағы тек жеңіл рельсті пойыздарға арналады. Пойыздардың ең жоғары техникалық жылдамдығы 65–70 км/сағ болса, аялдамалар арасындағы қашықтықты ескере отырып, орташа қозғалыс жылдамдығы 30–35 км/сағ болады", – делінген хабарламада. 

Қазіргі жоспар бойынша LRT бірінші желісін 2027 жылдың соңында іске қосу көзделіп отыр. Алайда бұл мерзім жылжымалы құрамды дайындау және жеткізу кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау