USD: 465.1 / 467.7
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.41 / 5.53
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алматыда 11-15 тамызда Жандосов көшесі уақытша ішінара шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жолда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінің қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі бөлігінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Бұл кезеңде жол толық жабылмайды, көлік қозғалысы уақытша өзгертілген сызба бойынша жүзеге асады.

Фото: Алматы әкімдігі

 

Әкімдік жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін сақтауды және уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын орындауды сұрады. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін екені ескертілді.

"Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы өзекті ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланып отырады", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау