USD: 488.1 / 490.7
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Алматыда газ құбырын ауыстыруға байланысты әл-Фараби даңғылында қозғалыс шектеледі

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
17 мың пәтердің газ жүйесі жаңарады.

Алматыда стратегиялық маңызы бар орта қысымды газ құбырын жаңғырту жұмыстары басталады. Жоба Медеу және Бостандық аудандарындағы тұтынушыларды газбен қамту сенімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды QazaqGaz Aimaq АҚ баспасөз қызметі.

Компанияның Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, қайта жаңғырту жұмыстары әл-Фараби даңғылы бойындағы жерасты газ құбырында жүргізіледі. Жоба аясында Луганский көшесінен Қаратаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1154 метр болатын учаске қамтылады.

Мамандардың айтуынша, жаңғырту нәтижесінде 17 мың пәтер мен 288 жеке тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету сапасы мен сенімділігі жақсарады.

"Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты әл-Фараби даңғылының жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Әр учаскедегі шектеу мерзімі 13 күннен 34 күнге дейін созылады. Осыған байланысты жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануға кеңес берілді", – делінген хабарламада.

Компания өкілдері жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін газ тарату жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы айтарлықтай арта түсетінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз