USD: 468.9 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Алматыда 50 автобустан катализатор табылмады. Экологияға қауіп күшейді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Ауаны қорғау үшін бақылау күшейтілді.

Алматыда автокөлік шығарындыларына жүргізілген мониторинг аясында №3 коммуналдық автобус паркі тексерілді. Бұл туралы Eco Almaty ЖШС өкілдері хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, автопаркте тіркелген 289 автобустың 40-ы жөндеуде болған. Тексеру барысында қалған 249 көлік қаралып, олардың 50-інде пайдаланылған газдарды тазартуға арналған негізгі құрылғы – катализатор жоқ екені анықталды.

"Мониторингнің басты мақсаты – атмосфералық ауаны қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және қаладағы негізгі ластаушы көздердің бірі саналатын автокөлік шығарындыларын азайту", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Экология департаменті бірқатар автокөлік кәсіпорындарына жоспардан тыс тексеру жүргізген. Атап айтқанда, NEO City TRANS ЖШС мен TALAP T ЖШС автобус парктерінде жүргізілген өлшеулер кейбір көліктерде зиянды шығарындылардың белгіленген нормадан асып кеткенін көрсетті.

"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 333 және 334-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жалпы сомасы 13,3 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ кәсіпорындарға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді", – делінген хабарламада.

Мамандар экологиялық талаптардың сақталуын бақылау алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау