Статистика Covid-19 в Казахстане: Заразились: 1 157 681 Умерли: 13 142
Коронавирусная пневмония: Заразились: 85 539 Умерли: 5 249

Алматыда 20-40 жастағылар арасында коронавирус жұқтыру 16,4% артты

Ал жасөспірімдер арасында бірден 1,1% өсті.

Бір апта ішінде КВИ жұқтыру 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті. Ал инфекцияның берілу индексі 1,4-тен 2,5-ке дейін ұлғайды. Яғни 1,8 есе өсіп отыр, деп мәлімдеді Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова. 

"ҚР ДСМ-де 96 сынаманың 8-інде "Омикрон" штамы анықталды. Оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. Дәл қазір қалада таралған штамдардың 71%-ын – "Дельта", 16%-ын "Дельта плюс" құрайды. Қалған 4,7%-ы – басқа штамдар. "Омикрон" штамына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшелігі – жұқпалылығы аса жоғары, бір адамнан бес адамға беріледі және қайта жұқтыру қаупі де жоғары. Мұнымен қатар, оның көбінесе 20-30 жас аралығындағы азаматтарға көбірек жұғатыны байқалады", – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.


Оқи отырыңыз: Караоке, цирк, түнгі клубтар жұмысы тоқтайды. Алматыда "Омикронға" байланысты тағы қандай шектеулер енгізілді


Қаланың бас санитары симптомсыз нысандардың желтоқсан айындағы 6%-дан 11%-ға дейін ұлғайғанын айтты. Бұл өз кезегінде ауырғандарды бірден анықтау процесін қиындатады. Осының себебінен олар дер кезінде оқшауланбайды. 

"КВИ жұқтырудың үлес салмағына келер болсақ, 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4%-ға, жасөспірімдер арасында бірден 1,1%-ға артты. Мұның барлығы "Омикрон" штаммы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай "Дельта" штамын алмастыратынын көрсетеді. Біз келесі КВИ толқынының шыңын ағымдағы жылдың наурыз айына болжап отырмыз", – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова. 

Еске салсақ, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева балабақшалардың 20 қаңтарда жұмыс істей бастайтынын хабарлаған болатын. 

Поделиться:

informburo.kz в TikTok:

присоединитесь к сообществу крупнейшего новостного канала в Казахстане

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары