Караоке, цирк, түнгі клубтар жұмысы тоқтайды. Алматыда "Омикронға" байланысты тағы қандай шектеулер енгізілді

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова қаланың эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтуіне байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Қала тұрғындарына:

  • Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда, ашық ауада да, үй-жайлардың ішінде де бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлары және тағы да басқа) өткізуге және қатысуға;
  • Концерт залдары, театр, цирк, түнгі клуб пен караоке қызметіне;
  • Діни бірлестік объектілерінде (мешіт, шіркеу, собор, синагога және тағы басқа) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралғылар) өткізуге;
  • Конференция, семинар, форум, көрме өткізуге, сондай-ақ оннан көп адаммен жеке кездесу ұйымдастыруға (вакцина алғанына қарамастан) тыйым салынды.

15 қаңтардан бастап спорттық сауықтыру орталықтары, фитнес, йога орталықтары, монша, сауна, бассейндерге  Ashyq-та "Жасыл" мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады.


Оқи отырыңыз: Үйлену тойы мен жұма намазына тыйым. Елордада шектеу шаралары күшейтілді


Кинотеатрлар 30 пайыз толымдылықпен ғана жұмыс істейді. 

Ал қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелде 4 адамнан ғана отыра алады.

Қоғамдық орындарда, қалалық қоғамдық көліктерде бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

"Сонымен қатар, қызметкерлерде Covid-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ын қашықтан жұмыс түріне көшіріледі",– деп жазылған қаулыда.

Мектептер меншік нысанына қарамастан, қашықтан оқу форматына көшіріледі. Ал, ЖОО мен колледж студенттері үшін дәрістер – онлайн, ал практикалық, семинар, зертханалық сабақтар штаттық негізде өтеді. Вакцина алған студенттерге штаттық негізде оқуды ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды Комирнати (Пфайзер) вакцинасымен ревакцинациялау тапсырылды.


Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамының таралуына байланысты жаңа эпидемиологиялық болжам жасалды


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары