Алматы зообағында үш бірдей кенгуру төлі дүниеге келді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматылықтар жаңа туған төлдерге ат қоя алады.

Алматы хайуанаттар бағы үшін қуанышты жаңалық — мұнда бірден үш кенгуру төлі дүниеге келді. Бұл оқиға зообақ қызметкерлері мен келушілер үшін ерекше тосынсый болды.

Мамандардың мәліметінше, сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған. Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет ана атанып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, кенгурулардың төлдеу сәтін көру өте қиын. Себебі жаңа туған төлдің ұзындығы небәрі бірнеше сантиметр ғана болады. Туған бойда ол өздігінен анасының қалтасына кіріп, сол жерде өсіп-жетіледі.

"Жаңа туған кенгуру төлін бірден байқау мүмкін емес. Біз оның бар екенін тек біраз уақыт өткен соң, қалтадан басын шығара бастағанда ғана аңғарамыз", – дейді бөлім жетекшісі Гауһар Сіргебаева.

Қазіргі уақытта жирен кенгурудың төлі еркек екені анықталған. Ал сұр кенгурулардың екі төлінең жынысы әлі белгісіз.

Дәстүр бойынша зообақ жаңа туған жануарларға ат қою үшін тұрғындарды қатысуға шақырады. Жынысы белгісіз төлдерге әмбебап есімдер ұсынуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз