Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне әйел адам хабарласып, бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кеткенін және содан бері хабарсыз қалғанын айтқан. Із-түзсіз кеткен азаматтармен 12 сағаттан астам уақыт бойы байланыс орнату мүмкін болмаған.
"Хабар түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына Республикалық жедел-құтқару жасағы, апаттық медицина орталығының мамандары, құтқару қызметі, полиция қызметкерлері және еріктілер тартылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы әуеге көтерілді. Әуе арқылы "Тұйықсу" мұздығы, "Мыңжылқы" шатқалы және "Локомотив" шыңы маңы тексерілді. Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен "Локомотив" шыңы маңынан бір адамның денесі табылды. Марқұм теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен төмен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайтыс болған адамның туыстарына психологтар мен медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Қалған екі адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
lw-3094948329-1
USD:
508.1 / 513.1
EUR:
594.0 / 600.0
RUB:
6.43 / 6.55