"Ashyq көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына, халық арасында коронавирустың "дельта" нұсқасының тез таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94%-ға дейін өсуіне байланысты Алматы қаласында шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
"Алматыда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, әсіресе білім беру мекемелерінде оқытуды штаттық режимде ұйымдастыру қажет. Сондықтан қаладағы қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызды қоса айдың соңына дейін ұзартылды. Әлеуметтік-экономикалық нысандар "қою қызыл аймаққа" қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істейді", – деді департамент басшысы.
Сондай-ақ, ол "Ashyq көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілетініне тоқталды. Бірақ нысан қызметкерлерінің кемінде 90%-ы екпе алған және соңғы 3 ай ішінде ауырып емделгендер саны 20%-дан аспауы тиіс. Ал Ashyq жобасында жұмыс істейтін басқа нысандарға сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.
"ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33-қаулысының 9-тармағының 4-бөлігінде көрсетілген ұйымдар мен объектілерден өзге Ashyq жобасына қатысушылардың барлық кәсіпорыны мен ұйымы 2021 жылдың 17-31 тамызы аралығында сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмысын тоқтатады", – деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы 3 айда емделіп шыққандарды қоспағанда, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді, жатақханалар мен асханалардың қызметкерлерін вакциналауды аяқтау қажет екендігі көрсетілген. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар әрі 3 айда емделген науқастарды қоспағанда 18 жастан асқан студенттерге екпе салынуы тиіс.
Еске салсақ, Жандарбек Бекшин жалған вакцина паспортын жасатып алғандардың вакцинаны тек ақылы негізде алуын қолдаған еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-