Тікелей эфир

Александр Бублик Дэвис Кубогының Данияға қарсы ойынын ашады

Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында "Дэвис Кубогының" бірінші әлемдік тобы жарысына жеребе өтті.

14 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Эльмир Мёллерге қарсы кездесуде ойын күнін ашады. Содан кейін екінші матчта кортқа Александр Шевченко мен Август Хольмгрен шығады.

Александр Бублик Дэвис Кубогының Данияға қарсы ойынын ашады. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

15 қыркүйек күні бағдарламаны жұптық сындағы ойыншылар бастайды: Александр Недовесов / Бейбіт Жұқаев және Йоханнес Ингилдсен / Кристиан Сигсгаард. 

Содан кейін екі жеке кездесу жоспарланған – Александр Бублик Август Хольмгренмен шайқасады, ал Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады. 

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!


Оқи отырыңыз: "Біз үйде ойнаймыз, сондықтан жеңуіміз керек". Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Даниямен болатын матч туралы


 

Серіктестер жаңалықтары