USD: 472.9 / 475.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Ақмола облысындағы мектептің аяқталмаған жөндеу жұмыстарына мердігер 27 млн теңге алған

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мердігерге айыппұл салынды.

Есіл ауданының прокуратурасы мектепті күрделі жөндеуді тексеру барысында орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қоюды және орындалмаған елеулі жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 млн. теңгеден астам ақы төлеуді анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы жазды.

Мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған: терезе орнату, мектеп шатырын жабу және т.б айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады.

"Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында прокурорлардың талабын елемеген шенеунікке 172 мың теңге айыппұл салынды


Қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар белсенді басталып, жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау