Тікелей эфир

Қызылорда облысында прокурорлардың талабын елемеген шенеунікке 172 мың теңге айыппұл салынды

Прокурордың талабына дер кезінде жауап бермеген тағы бір шенеунік айыппұл арқалады.

Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлады.

Облыс прокуратурасы мал жаюға арналған жайылымдардың жетіспеушілігіне талдау жасап, нәтижесінде мал санының статистикасын қалыптастыру барысында бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

"Аталған дерек бойынша прокуратура облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыну енгізді. Дегенмен осы басқарманың басшысымен қадағалау актісіне уақытылы жауап берілмегендіктен, ол сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Өзге жағдайда Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Табиғат қорғау прокуратурасының тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы талабына немқұрайлылықпен қарап, прокурордың заңды талабын орындамаған.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді?


Аталған әрекет үшін басшысы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 172 мың теңге айыппұл салынды.

Серіктестер жаңалықтары