Жамбыл облысының Байзақ ауданында сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, сондай-ақ ірі қара малын күтіп-бағу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады.
"Нұрлы-жай" шаруа қожалығы жобаға 400 млн теңгеге жуық инвестиция салған және облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі. Алайда инвестор үш жылдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған. Жергілікті атқарушы орган бос жердің жоқтығына сілтеме жасаған", – деп жазылған хабарламада.
Қадағалау жүргізу барысында прокурорлар осы ауданда аумағы 182 га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы учаскесін анықтап, мемлекетке қайтарды.
Оқи отырыңыз: "Бұл жер мәмбеттерге арналмаған". Bla Bla Bar Astana клубын сотта жеңіп шыққан заңгермен сұхбат
Прокуратураның көмегімен бұл жер учаскесі инвесторға бір ай ішінде берілді. Бөлінген жерлер инвестициялық жобаны дамытуға пайдаланылатын болады.