Қазақстанда тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және жаңғырту жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Министр 2025 жылы ірі нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті:
- Ақтөбе қаласындағы "Қазфельтек" жобасы – жылдық қуаты 2,2 мың тонна жүнді қайта өңдеу;
- Ақмола облысындағы "Агро Протеин" жобасы – жылына 2,4 мың тонна жемшөп қоспаларын өндіру.
"Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 миллиард теңгеге сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар қосымша 1,3 миллион тонна өңдеу қуатын іске қосады. Жобалар тері мен жанама өнімдерді терең өңдеуді дамытып, тағамдық желатин мен жемдік қоспалар өндірісін ұлғайтуға, сондай-ақ шикізат шығынын азайтуға мүмкіндік береді", – деді Сапаров.