30 млрд субсидия, 13 млрд шығын: Тоқаев қаржы қауіпсіздігін күшейту бойынша тапсырма берді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент қаржы саласындағы заң бұзушылықтар туралы есепті тыңдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына агенттіктің атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері баяндалды.

Жанат Элимановтың мәліметінше, бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық тәуекелдері анықталған. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияның тиімсіз пайдаланылуы мүмкін екені белгілі болды. Сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бөлінген 10 миллиард теңгеден астам қаражаттың мақсатсыз жұмсалу белгілері тіркелген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған. Ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденбек болғандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.

Президентке алаяқтыққа қарсы күрес нәтижелері де баяндалды. Атап айтқанда, 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылып, банктер мен байланыс операторларының атын жамылған фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленген. Сондай-ақ аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт пен 22 топтық чат жабылған. Бұдан бөлек, 400-ден астам жалған құрылыс компаниясының заңсыз лицензия алуына жол берілмеген.

Қылмыстық табыстарды жылыстатуға қарсы күрес бағытында да бірқатар нәтижелер бар. Заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталар бойынша 14 тергеу басталып, олардың айналымы 13 миллиард теңгеден асқаны анықталған. "Көлеңкедегі" тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам банк картасы бұғатталған. Жалған компаниялар арқылы жасалған заңсыз әрекеттер бойынша 23 іс тіркеліп, келтірілген залал шамамен 13 миллиард теңгені құрады.

Сонымен қатар қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан үш жасырын криптоайырбастау қызметінің жұмысы тоқтатылды. Заңсыз криптовалюта сервистеріне қатысты 483 сілтеме жойылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз