Тікелей эфир

25 градусқа дейін ыстық болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы 25 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 12-25 градус, ал оңтүстік-батыста 12-20 градус жылы болады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн суытады. Күндіз 3-15 градус аралығында жылы болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында күн суық болады. Бұл жақта күндіз ауа температурасы 2 градусқа төмендейді, тек 8 градусқа дейін ғана жылынады.

"Елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді, Көктайғақ, тұман болады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер.


 

Серіктестер жаңалықтары