23 қыркүйектен бастап Жапония елшілігі визаға өтініш қабылдау тәртібін өзгертеді

Фото: iStock.com
Фото: iStock.com
Жапония елшілігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.

Қазақстандағы Жапония елшілігі визаға өтініш қабылдау тәртібі өзгеретінін ескертті. 23 қыркүйектен бастап елшілікте нөмірлі талон беру жүйесі енгізіледі. Талондар өтініш қабылданатын күні сағат 09:30-дан бастап елшіліктің күту залында беріледі.

Елшілік мәліметінше, талон алған азамат күту залында кезегін күтпей, сағат 12:00-ге дейін кез келген уақытта қабылдау терезесіне барып, құжаттарын тапсыра алады. Алайда нөмірлі талон өтінішті қабылдаудың нақты уақытын белгілемейді. Ол тек сол күні визаға өтініш беруге құқық береді, ал құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Талон тек берілген күні жарамды. Визаға өтініш беру нәтижесін алу кезінде талон қажет емес. Елшілік дүйсенбі және жұма күндері келушілер саны көп болатынын ескертті.

Төмендегі жағдайларда визаға өтініш талонсыз қабылданады:

  • Жапония үкіметі немесе мемлекеттік мекемелерінің шақыруы негізіндегі өтініштер;
  • Жапонияда медициналық ем алуға арналған виза өтініштері;
  • вербалды нота арқылы тапсырылатын виза өтініштері.

Жаңа жүйе 23 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау