Тікелей эфир

212 млн теңге шығын: Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды

Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті.

ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілді және “Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болды.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге. Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынды.


Оқи отырыңыз: Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет ететін ұйымдар тізімін жариялады


 

Серіктестер жаңалықтары