Информбюро порталы Ұлттық статистика бюросына ресми сауал жіберіп, соңғы жылдары туған балалардың тегін -ов, -ев, -ова, -евасыз жазу үлесін анықтады. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап, бүгінге дейін туған балалардың статистикасы есепке алынды. Диаграммадан ұлты қазақ азаматтардың қаншалықты қазақшаланып жатқанын аңғаруға болады.
2022 жылдан бері дүниеге келген ұлты қазақ 74 558 баланың тегіне -ов, -ев, -ова, -ева қосымшалары жалғанған. Өңірлер арасында Астана қаласы бірінші орында тұр – 10 498 бала. Одан кейін Алматы қаласы (7206 бала) мен Ақтөбе облысы (7311 бала). Ал ең аз өңірлер – Ұлытау облысы (674), Солтүстік Қазақстан облысы (1395) және Жетісу облысы (1626). Бұл жерде өңірлердегі демографиялық көрсеткіштерді де ескерген жөн.
Диаграммадағы бағандардың үстіне тінтуірді апарып, әр өңірдің статистикасын көре аласыз.
2022 жылдың қаңтар айынан бері дүниеге келген ұлты қазақ 403 854 баланың тегіне -ов, -ев, -ова, -ева қосымшалары жалғанбаған. Көш бастаған өңірлер:
- Алматы облысы – 37 030 бала.
- Алматы қаласы – 35 288 бала;
- Шымкент қаласы – 32 846 бала;
Ең аз өңірлер – СҚО (2822), Қостанай облысы (4980) және Ұлытау облысы (5270).
Қазақстанда тегіне -ов, -ев, -ова, -ева қосымшалары жалғанған балалар мен тегі қосымшасыз жазылған балалардың үлесін келесі диаграммадан көре аласыз.
Диаграммаларда 2022 жылдың қаңтар айынан бері дүниеге келген ұлты қазақ сәбилердің статистикасы есепке алынғанын тағы да ескертеміз.
Осы материалға қатысты келесі мақалаларымызды оқи отырыңыз: