USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

2 мың адамды алдап, 5 жыл арқалады

Елордада WhatsApp және Telegram чаттары арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды.

Елордада 2 мың азаматты алдаған қаржы пирамидасын ұйымдастырған Р. Ж. Ахымбекова және Қ. Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Айыпталушылар салынған қаражатты еселеп көбейтуге уәде беріп, қаражат алуға 2000-ға жуық салымшыны тартатын "Астана Раушан касса айналымы" деп аталатын WhatsApp және Telegram чаттарын құрған.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?


"Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасын құрушы мен оның басшысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мұнымен қатар, сот оларды 5 жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды", – делінген хабарламада. 

198 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау