Тікелей эфир

Мешіттерде некеге тұратын жастарға жаднама таратылады

2020 жылғы "Қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасына сәйкес, әрбір үшінші неке бұзылады.

Үйленгісі келетін жастарға некеге дейінгі кеңес беру туралы анықтаманың 80 мың данасы Қазақстанның барлық аймақтарындағы мешіттерге таратылды. Материалдар рухани және отбасылық құндылықтарға, ислам ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық адам құқықтары стандарттарына сәйкес отбасын құруға көмектеседі.

Жаднама исламдағы отбасылық құндылықтарға арналған, зорлық-зомбылықсыз мәдениетті, репродуктивті құқықтар мен репродуктивті денсаулықты, соның ішінде отбасын жоспарлауды, жауапты әке болуды, ерлердің әйелдері мен балаларын қолдаудағы рөлін және басқа да тақырыптарды насихаттайды.

Басылымды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ЮНФПА-мен серіктестікте және Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен әзірледі.

"Діни көшбасшылар репродуктивті денсаулықты нығайтуға, соның ішінде отбасын жоспарлауға, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оған ден қоюға, сондай-ақ ерте, бала кезіндегі және мәжбүрлі неке сияқты зиянды практикалардың алдын алуға және дін жолындағы адамдардың қауіпсіз ана болу артықшылықтарын пайдалануын қамтамасыз етуге ықпал ететін қоғамдастықтар деңгейінде адам құқықтарын ілгерілетуде үлкен рөл атқарады", – дейді ЮНФПА-ның халықты қоныстандыру, дамыту және гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова.


Оқи отырыңыз: Неке алдында медтексеруден өтуді міндеттеу ұрпақ саулығын арттыра ма? Шетел тәжірибесі мен қазақстандықтардың пікірі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары