Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. 2 сәуір

Алмаз Төлекенің фотосы
Алмаз Төлекенің фотосы
Іnformburo.kz жиырма бірінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы жиырма күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

2 сәуір, жиырма бірінші күн

Сағат: 00.05. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 6 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 4 адам Алматыда;
  • 2 адам Жамбыл облысында тіркелді.

Сағат: 08.20. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 16 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде:

  • 7 адам Нұр-Сұлтанда;
  • 6 адам Қарағанды облысында;
  • 2 адам Атырау облысында;
  • 1 адам Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.

Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

Сағат: 10.05. Сыртқы істер министрлігінің хабарламасы

Алматы әуежайына Қытайдың гуманитарлық көмегінің бірінші партиясы келіп жетті. Гуманитарлық көмек құрамында тепловизор, тест, бір реттік медициналық бахила, қолғап, киім, көзілдірік бар. Таяу күнде тағы бір партиясы келеді деп күтілуде. Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы – 500 кг шамасында.


Қытайдан келген гуманитарлық көмек

Қытайдан келген гуманитарлық көмек / Алмаз Төлекенің фотосы


Сағат: 10.50. Алматы облысы әкімдігінің хабарламасы

Алматы облысында "Асыл арман" тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Бұл жерде дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, төмен бағамен азық-түлік жеткізіледі. Ұдайы түрде санитарлық дезинфекция шаралары жүргізіледі.

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 28 наурызда жүкті әйелде коронавирус анықталған болатын.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі

Сағат: 11.00. Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Облыста жаңадан коронавирус жұқтырған екі адамның денсаулық жағдайы белгілі болды.

  • Олардың бірі – Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны. Ол Қызылорда – Петропавл бағытындағы пойызда коронавирус жұқтырған адаммен бірге жолаушылаған. Онымен қарым-қатынаста болған 8 адам, сондай-ақ, пойызда бірге болған 7 адам карантинге жатқызылды.
  • Екінші адам – Жамбыл облысының 1991 жылғы тұрғыны. Ол 30 наурызда Ресейден оралған. Вирус анықталғанға дейін ол карантиндік стационарда болған.

Екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық.

Сағат: 12.10. Алматы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Алматыда коронавирус жұқтырып, жазылған тағы бір науқас ауруханадан шықты.

Сағат: 12.20. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қарағанды облысында жаңадан коронавирус жұқтырған үш адамның денсаулық жағдайы белгілі болды. Олар – коронавирус жұқтырып, көз жұмған адамның отбасы мүшелері. Олардың бәрі инфекциялық боксқа орналастырылды. Қайтыс болған адаммен барлығы 204 адам қарым-қатынасқа түскен. Олардың 54-і провизорлық және карантиндік стационарға оқшауланса, 150-і үй карантинінде.

Оқи отырыңыз: Иммунитеті мықтыға коронавирус қауіп емес. Оны қалай нығайтамыз?

Сағат: 13.05. Birgemiz қорының хабарламасы

Қорда 13,8 млрд теңге қаражат жиналған. Әзірге оның 590 млн теңге бөлігі жұмсалған. "СҚ-Фармациямен" шарт жасалып, 5 млн маска сатып алынатын болды. Олар Нұр-Сұлтан (2 млн маска), Алматы (2 млн маска) және Шымкентке (1 млн маска) жеткізіледі.

Сағат: 13.20. Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы

Облыста жаңадан коронавирус жұқтырған алты адамның кім екені анықталды. Олардың:

  • үшеуі – медициналық қызметкерлер;
  • үшеуі – жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері.

Сағат: 13.40. Нұр-Сұлтан әкімінің үндеуі

Қала басшысы Алтай Көлгінов жұмыс берушілерге үндеу жасап, босаған жұмыс орындары бойынша келесі тиісті орындарға хабарлауды сұрады:

  • жұмыспен қамту басқармасы (57-87-00, 57-88-88);
  • еңбек инспекциясы (55-67-27, 55-68-85);
  • "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы (1432).

Оқи отырыңыз: Коронавируспен күреске қатысатын дәрігерлерге айына 850 мың теңгеге дейін үстемеақы беріледі

Сағат: 14.00. Бас прокуратура хабарламасы

Соңғы бәр тәулікте төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 239 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 75-і қамауға алынған.

Жалпы, төтенше жағдай режимін 1 555 адам бұзған. Олардың:

  • 60-ы ескерту алған;
  • 890-ына айыппұл салынған;
  • 605-і қамауға алынған.

Төтенше жағдай режимі ең көп бұзылған өңірлер:

  • Алматы – 236;
  • Нұр-Сұлтан – 229;
  • Қарағанды облысы – 163.

Сағат: 15.05. Coronavirus2020.kz сайтының хабарламасы

3 сауір сағат 00.00-ден Петропавл қаласы карантинге жабылатыны белгілі болды. Тұрғындарға үйден жақын жердегі азық-түлік дүкені мен дәріханаға ғана баруға рұқсат етіледі.

Сағат: 15.35. Алматы прокуратурасының хабарламасы

Төтенше жағдай режимі бұзылғаны белгілі болған жағдайда келесі номерлер бойынша хабарлауға болады:

  • Мобильді топ: +7 (701) 172-27-07, +7 (701) 755-06-99;
  • Кезекші прокурор: +7 (727) 265-03-03.

Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді? Фоторепортаж

Сағат: 17.05. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 21 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 8 адам Шымкентте;
  • 6 адам Түркістан облысында;
  • 2 адам Нұр-Сұлтанда;
  • 2 адам Солтүстік Қазақстан облысында;
  • 1 адам Қызылорда облысында;
  • 1 адам Ақтөбе облысында;
  • 1 адам Алматыда тіркелді.

Сағат: 17.30. Polisia.kz сайтының хабарламасы

Алматының Алатау ауданында автокөлік блок бекетін қатты жылдамдықпен бұзып өтіп, полиция көлігімен соғылғаны белгілі болды. Полиция қызметкері ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.



Сағат: 17.40. Шымкент әкімдігінің хабарламасы

Қаладағы коронавирус жұқтырғаны 2 сәуірде анықталған сегіз адамның бәрі де вирус жұқтырған үшінші адамның отбасы мүшелері мен туыстары екені анықталды. Науқастар оқшауланып, Шымкент инфекциялық ауруханасында ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

Сағат: 23.15. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы

Қазақстанда 12 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде:

  • 6 адам Нұр-Сұлтанда;
  • 3 адам Солтүстік Қазақстан облысында;
  • 1 адам Атырау облысында;
  • 1 адам Жамбыл облысында;
  • 1 адам Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

Осымен 2 сәуір қорытындысы бойынша республикада вирус жұқтырғандар саны 435-ке жетті:

  • Нұр-Сұлтан – 199;
  • Алматы – 91;
  • Қызылорда облысы – 26;
  • Қарағанды облысы – 21;
  • Ақмола облысы – 19;
  • Атырау облысы – 19;
  • Түркістан облысы – 11;
  • Шымкент – 11;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 11;
  • Алматы облысы – 9;
  • Жамбыл облысы – 6;
  • Ақтөбе облысы – 5;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Павлодар облысы – 1;

Жазылғандардың жалпы саны – 27.

Көз жұмғандар – 3.



Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары