Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 57 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 4 975
- Алматы – 1 560;
- Нұр-Сұлтан – 1 028;
- Атырау облысы – 295;
- Батыс Қазақстан облысы – 237;
- Шымкент – 229;
- Қызылорда облысы – 226;
- Қарағанды облысы – 189;
- Алматы облысы – 182;
- Жамбыл облысы – 177;
- Түркістан облысы – 174;
- Ақтөбе облысы – 172;
- Павлодар облысы – 154;
- Маңғыстау облысы – 113;
- Ақмола облысы – 106;
- Қостанай облысы – 61;
- Шығыс Қазақстан облысы – 48:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 34.
Жазылғандардың жалпы саны – 1 766.
Көз жұмғандар – 31.
23.59 – 9 мамырда коронавирус жұқтырған 141 адам анықталып, 135 адам жазылып шықты.
23.30 – Алматыда коронавирусты анықтайтын кореялық мобильді скринингтік-орталық жұмысын бастады. Мобильді орталықта күніне 100 астам тест жүргізіледі. Бір адамды тестілеуге шамамен 3-5 минут қажет. Қызмет – ақылы. Мобильді скрининг орталығы "Нұрлы Тау" бизнес орталығы жанында орналасқан.
22.50 – Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:
1995 жылғы ер адам, Ақтау кентінің тұрғыны. Ол вирус расталған адаммен байланыста болғандықтан карантин госпиталінде болған.
Қарағанды облысында 189 адамның вирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде үш адам көз жұмды және 92 пациент жазылып шықты.
22.40 – Коронавирус жұқтырған 29 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 14;
- Алматы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 13;
- Қарағанды облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 975 адам анықталды.
Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?
22.20 – 26 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 2;
- Алматы қаласы – 4;
- Шымкент қаласы – 4;
- Жамбыл облысы – 2;
- Қызылорда облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 6;
- Түркістан облысы – 3;
- Атырау облысы – 1.
Қазақстанда барлығы 1766 адам сауығып шықты.
19.55 – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған бес адам туралы:
Семейлік 2011 жылы туған ұл мен 2010 жылғы қыз баладан, 1978, 1968 жылғы ер азаматтар мен 1995 жылғы жас жігіттен вирус табылды. Олар бұған дейін ауруханаға түскен науқастармен жақын байланыста болған.
19.50 – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған екі адам туралы:
Сарыағаш ауданының 1992 жылғы тұрғынынан және "Қапланбек" кеден бекетінен өткен кезде Шымкент қаласының 1987 жылғы тұрғынынан скринингтік зерттеу кезінде табылды.
19.30 – Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған екі адам туралы:
Теміртау қаласының 1961, 1991 жылғы тұрғындары қалалық карантин госпиталінде болған. Қарағандыда Covid-19 жұқтырған 188 адам тіркелген, оның ішінде 3 көз жұмған және 92 пациент жазылып шыққан.
Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?
18.40 – Коронавирус жұқтырған 24 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 1;
- Шымкент – 3;
- Батыс Қазақстан облысы – 6;
- Қарағанды облысы – 2;
- Атырау облысы – 5;
- Шығыс Қазақстан облысы – 5;
- Түркістан облысы – 2.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 946 адам анықталды.
18.30 – 45 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 1;
- Алматы – 7;
- Шымкент – 9;
- Павлодар облысы – 6;
- Қарағанды облысы – 1;
- Маңғыстау облысы – 2;
- Алматы облысы – 15;
- Атырау облысы – 4.
Қазақстанда барлығы 1740 адам сауығып шықты.
14.40 – Атырау облыстық перинаталды орталық дезинфекциялауға жабылды. Орталықтан коронавирус жұқтырған төрт науқас табылған соң екі күн дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Науқастармен байланыста болған 38 адам анықталды, оның ішінде 9 медицина қызметкері бар. Қалғаны – жүкті әйелдер.
Босанатын әйелдерді қалалық перзентхана үйі қабылдайды. Ал орталықтағы науқастар осы жерде емделе береді. Байланыста болғандардың ПТР сынама нәтижесі енді белгілі болады.
Оқи отырыңыз: Мектепте тарих пәнін медицина тарихын оқытудан бастау керек
14.20 – 58 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 5;
- Алматы – 18;
- Шымкент – 9;
- Ақмола облысы – 1;
- Түркістан облысы – 2;
- Батыс Қазақстан облысы – 8;
- Павлодар облысы – 9;
- Қостанай облысы – 3;
- Қызылорда облысы – 3.
Қазақстанда барлығы 1695 адам емделіп, сауығып шықты.
13.20 – Алты адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Павлодар облысы – 5;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1.
13.15 – Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған төрт адам туралы:
Бейнеу ауданы Боранкул ауылында тұратын 1975, 1976, 1984 жылғы әйел адамдар және 1987 жылғы ер азамат коронавирус жұқтырған. Олар вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Маңғыстау облысында 113 адамның Covid-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.
Оқи отырыңыз: "Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады". Президент сұхбатындағы 11 өзекті мәселе
12.50 – Атырау облысында коронавирус жұқтырған 18 адам туралы:
15 адам – "Теңіз" кен орнының жұмысшылары. Олар карантиндік стационарда жатқан. Қалған үш науқас – 1991, 1995 және 1989 жылғы облыстық перинаталды орталықтағы жүкті әйелдер.
Атырау обылсында Covid-19 жұқтырғандар 290 адамға жетті.
12.40 – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған үш адам туралы:
Түркістан қаласының 1973, 1980 және 2009 жылғы тұрғындарынан Covid-19 анықталды. Олармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынып жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 172-ге жетті.
12.30 – Коронавирус жұқтырған 88 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 41;
- Алматы – 22;
- Атырау облысы – 18;
- Маңғыстау облысы – 4;
- Түркістан облысы – 3.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған барлығы 4 922 адам анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.